Алматыға ірі дәрі-дәрмек партиясы заңсыз әкелінген
Алматыда Үндістаннан ірі көлемде заңсыз әкелінген дәрі-дәрмек партиясы анықталды. Бұл жөнінде қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Мамандардың айтуынша, тексеру кезінде косметикалық өнім ретінде жасырылған 1 324 келі дәрілік препарат табылған. Құжатта 38 түрлі өнімнің атауы бетке арналған жақпа май және биологиялық белсенді қоспалар ретінде небәрі екі санатқа бөлініп жазылған. Сондай-ақ жыл басынан бері қалада есірткі заттарын заңсыз өткізуге қатысты 17 дерек тіркелген. Аталған фактілер бойынша барлық материал құқық қорғау органдарына жолданды.
Нұрлан Есімов, қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік тексеру басқармасының бас маманы:
Алдын ала мәлімет бойынша, тауардың кедендік құны шамамен 5 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Тауардың атауы, құжаттары жіті қадағаланады. Материал сотқа жолданады. Заңға сәйкес, тауарды дұрыс декларацияламағаны үшін айыппұл қарастырылып отыр.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04