Бет-әлпетті бүркеуге болмайды
Бет-жүзді бүркеп жүруге тыйым салынады. 2 наурыздан бастап қоғамдық орындарда адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім кигендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алдымен ескерту беріледі. Бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды белсенді түрде жүргізіп жатыр. Әзірге заң шеңберінен шыққан адам жоқ. Бұл норма қызметтік міндетті орындау кезінде, медициналық қажеттілік туындағанда, ауа райына байланысты немесе бұқаралық іс-шараларға қатысқанда қолданылмайды.
Шұғыла Тұрлыбек, ІІМ баспасөз хатшысы:
Бұл бетті толығымен жауып тұратын кез келген киім затына қатысты болуы мүмкін. Ол никап, бурка, балаклава немесе дәрігердің жазбасынсыз медициналық бет-перделер. Мұндай заттар бейнебақылау жүйесінің жұмысына кедергі келтіріп, адамның жеке басын тану, бет-әлпетті анықтау сияқты жүйелердің жұмысын артқа тартып және де қылмысты дер кезінде ашуға мүмкіндік бермейді. Көп жағдайларда қаскөйлер өздерінің бетін тұмшалап алу арқылы ұрлық, тонау, немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер жасап жатады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01