Басты Жаңалықтар Алматыда кибералаяқтардан ₸700 миллион қайтарылды

Алматыда кибералаяқтардан ₸700 миллион қайтарылды

Алматыда киберқылмысқа қарсы күрестің нәтижесінде алаяқтардан зардап шеккен азаматтарға 700 миллион теңгеден аса қаржы қайтарылды. Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес былтыр мегаполисте интернет-алаяқтыққа қатысты 2 мыңнан аса дерек тіркелген. Бүгінде құқық қорғау органдары екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, күмәнді қаржылық операцияларды анықтау және азаматтардың қаражатын қорғау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Киберқылмысқа қарсы бөлімше 300-ден аса құқық бұзушылықтың бетін ашқан. Сонымен бірге заңсыз әрекет еткен call-орталықтың қызметі тоқтатылып, банк шоттарына рұқсатсыз кіру фактілері әшкереленген. Бұдан бөлек, алаяқтар пайдаланған 17 мың интернет-ресурс бұғатталған. Мамандар кибералаяқтықтың алдын алу үшін тұрғындарды сақ болуға, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.


Бөлісу