Жарымжан анасын жалғыз тастамаған адал перзент
Еміренген екеу. Анасы мен ұлы күнде осылай күбірлеседі. Бірақ, санаулы секунд қана. Одан әріге әл жоқ. Шешесі үш рет инсульт алған.
Әділбек Жауғашаров:
Мамамды бағып отырмын. Және басқа аналарды, кісілерді. Демалыс болса да, 1,2 күн демалысымда да осында келем. Басқа адамдар, әріптестер берсе де тамақ олардың қолынан ішпейді. Тек күні бойы мені іздейді. Сағынады мені. Мен сүйтіп шайға немесе тамақ әкелемін. Тек менің қолымнан ішеді.
Бұлар хосписте. Яғни, науқастың сауығуынан аурухана күдер үзгенде аялдайтын орын. Әділбек те анасымен екі жылдан бері осында. Жұмысы түгілі, Ресейдегі биотехнолог мамандығы бойынша жоғары оқуын тастап, орталықта санитар боп істейді. Қостанай облысы Троебрат ауылындағы үйі мен малын науқастың жолында сарп еткен. Енді жатын жері жарымжан анасының жанында.
Әділбек Жауғашаров:
Ауруханалар бәрі жатқан жеріміз отказ берген мамаға. Үйіңе әкет, бақ дейді. Ал, үйіме қалай әкетем оны. Үйімде 2-3 күн жатады. Үшінші инсульт алғанда комада жатқан. Зондпен тамақ ішті ол. Есін білмеген. Отыра алмайтын.
Жалпы, хосписте 127 қамкөңіл жан бар. Дені қатерлі дертке шалдыққан. Мамандар сауапты істен теріс айналмайтынын, алайда қолдау күтетінін жасырмады. Ғимарат арнайы жарақталмаған. Жуындыру жағы қиын. Сондай-ақ сырқаттарға емнен бөлек, жақындарының емеуіріні жетіспейді екен.
Нағима Әбуова, күтуші:
Содан біз күтім жасаймыз. Бәрі тегін, киімі тегін, төсегі тегін, тамағы тегін. Тек соншама адамдарға қайран қаламыз. Осындай үлкен кісілерді әкеп тастап, енді өздері туды, асырайды деп үміттенеді ғой. Дегенмен бұлардың туыстары анда-санда келіп, бір суббота, воскресенье алып кетсе екен деп айтамыз. Бірақ уақытымыз жоқ біздің деп, ана жерден сығалап кетіп қалады.
Ал, Әділбек жарады. Әкеден айырылып, анасымен жалғыз қалған ұл үзілген үмітті жалғады. Өмірден баз кешкен анасының басын сүйемелдеп, сәт сайын қасынан табылады.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы