Жауынгер қабірінен бір уыс топырақ әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жауынгер қабірінен бір уыс топырақ әкелінді

05.07.2022

Екінші дүниежүзілік соғыстың ақтаңдақтары әлі толық ашылып болған жоқ. Әсіресе ұлты қазақ жуынгерлердің ерекше ерлігі Кеңес кезеңінде еленбей келді.Сондай жауынгердің бірі - Әбілғазы Кенжалин. Ол 1941 жылы қыркүйек айында шығыстағы Тайынты ауылынан соғысқа аттанып, майданға жіберіледі. Ерекше көзге түскен соңТашкенттегі 4 айлық офицерлер курсын тамамдап, лейтенант шенін алып, Ленинград майданында рота командирі болады. Бір шайқаста 70 фашисті, енді бір ұрыста 30, келесі шабуылда тағы 14 фашистің көзін жояды. Осы ерліктері үшін Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылса да,тек l және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. Талай қиянкескі ұрыста ерлік көрсеткен Әбілғазы Кенжалин1945 жылы 13-ші наурызда Латвияда қаза табады. Алайда батырдың ұрпақтары талай жыл іздеп, архивтерді ақтарып жүріп Әбілғазы Кенжалиннің сол елде жерленгенін анықтайды. Жуықта сол жерден бір уыс топырақ туған жері Тайынты ауылындағы ата- бабасы жатқан зиратқа әкелінді. Сол жерге құлпытас орнатылып, ас берілді.

Ербол Кенжалы, Ә. Кенжалиннің немересі:

Бүгінгі іс шараға тек қана үлкендер емес, мектеп оқушылары келіп,біздің болашақ балалардың патриоттық сезімдерін сондай отансүйгіш сезімдерін ояту. Келешекте біздің Жаңа Қазақстанымызды көтеретін осылар. Осындай идеология керек. Бүкіл Қазақстанға керек.


Хабарламаларға жазылу