Қостанай облысында электр қуатын тұтынушыларға сараланған тариф алынып тасталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында электр қуатын тұтынушыларға сараланған тариф алынып тасталады

01.07.2022

Қостанай облысында электр қуатын тұтынушыларға сараланған тариф алынып тасталады. Бұған дейін жеке тұлғалар әр киловатқа 17 теңге, ал заңды тұлғалар 30 теңгеге жуық төлейтін. Мұның сыртында 50 пайызы бюджет есебінен субсидияланады. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұдан шағын- орта бизнес зардап шегіп отыр. Мысалы ел бойынша бір жылда кәсіпкерлер 31 млрд теңгені артық төлейді. Салдарынан олар өндіретін өнім құны көтеріледі. Яғни тарифтен үнемдеген қаржы бәрібір қымбат тауар алуға кетеді. Сондықтан электр құнын реттеу бірінші кезекте әлеуметтік қиындықтардың алдын алу үшін қолға алынып отыр. Бұл пилоттық жоба әзірге Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарына енгізіледі.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы:

Әлеуметтік аз қамтылған топтарға тарифтегі бұл өзгеріс еш әсер етпейді. Оларға облыстық мәслихат шешімімен тұрғынүй жәрдамақысы төленеді. Бұл жерде негізгі мақсат тарифті көтеру емес, әрқайсының мүмкіншілігі мен тұтыну көсреткішіне қарай баршаға тең етіп бөлу.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу