Соңғы төрт жылда Шымкенттің бюджеті төрт есе көбейген
Соңғы төрт жылда Шымкенттің бюджеті төрт есе көбейді. Қаржының жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады. Бұл туралы елордада өткен брифингте қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
Қазынада қаржы көбейген соң бірқатар өзекті мәселе шешілген. Жолдар жөнделіп, жаңа мектеп, балалардың ойын және спорт алаңдары салынды. Баспана құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Тек биылдың өзінде 51 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жаңарып келеді. 4 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға артты. Шағын-орта кәсіпкерлік нысандары 30 пайызға көбейді.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
Алдағы 5 жылда 2,6 трлн теңгеге 20 мың жұмыс орнымен 242 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде 2022 жылы 154,7 млрд теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жылдың 5 айында қалаға тартылған нвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,2 пайызға артып, 131,1 млрд теңгеден асты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18
Талдықорғанда жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды
26.10.2026, 20:12
Алматыда ортез дайындайтын алғашқы зертхана ашылды
26.10.2026, 20:04
Ақмола облысындағы бөбекжайда 7 шеберхана ашылды
26.10.2026, 20:00
Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды
26.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтаған шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілеріне алғысын білдірді
26.10.2026, 20:00