Журналист-жазушы, қоғам қайраткері Қуандық Шамахайұлын еске алу кеші өтті
Бүгін Елордада журналист-жазушы, қоғам қайраткері Қуандық Шамахайұлын еске алу кеші өтті. Ол екі жыл бұрын өмірден өткен еді. Бұл шара елі үшін әрдайым адал қызмет атқарған қаламгердің есімін ұлықтау, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Қаламгердің ұрпаққа үлгі етер еңбектері де баршылық. Еске алу кешінде оның әріптестері сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктерімен бөлісті. Қуандық Шамахайұлы ұлағатты ұстаз болумен қатар, баспасөз саласында, сондай ақ аудармашы ретінде өнімді еңбек етті. Шара барысында, марқұмның «Қаламгердің ізі қағазда қалады» атты жинағының тұсауы кесілді.
Айша Құрманғали, журналист, Қуандық Шамахайұлының жары:
Мұндай кездесулер керек деп ойлаймын. Қуандық Шамахайұлын өзінің шамалы ғұмырын еліңнің өзекті мәселелерін қозғап, әрдайым шындықты айтып өмсірден өтті. Адам өлген күні емес, еске алмаған күні өледі дейді ғой. Сондықтан, мұндай кештер жиі өтіп тұру керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30