Ақтөбеде қаржылық пирамида құрғандарға сот үкімі шықты
Ақтөбеде қаржылық пирамида құрып, оңай олжаға кенелмек болғандарға сот үкімі шықты. Бұл іске қатысты 2 жыл бұрын Ресейдің екі азаматы қамауға алынған еді. Жүздеген тұрғын «Gold Company LTD» деп аталған қаржы ұйымының арбауына түсіп, миллиондаған қаржысынан қағылған. Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылардың 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың 7 ақпаны аралығында Ақтөбе, Жаңаөзен, Ақтау, Шымкент және Атырау тұрғындарынан 10 45 900 000 теңге жинап алғаны анықталды. Жәбірленушілерге әлі күнге дейін оның 2,5 миллиарды қайтарылмаған. Сот үкіміне сәйкес, қаржы пирамидасын құрғаны үшін 3 адамға жаза кесілді. Олар өз кінәларын ішінара мойындады.
Гүлжанар Отарбаева, Облыстық соттың баспасөз хатшысы:
Ақтөбе қаласы нөмірі екінші сотымен Литвиненко, Матвин және Қазыбаевқа қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басшылық ету» айыбы бойынша қылмыстық іс қаралды. Сот үкімімен сотталушылар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Литвиненкоға 12 жыл, Москвинге 9 жыл, Қазыбаевқа 6 жыл баст бостандығынан айрылу жазасы тағайындалды. Сонымен барлық соталушы 7 жыл коммерциялық және қаржылық ұйымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеу құқықтарынан айрылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06