Павлодарда әлеуметтік қызметкерлер мүгедектерге қатыгездік көрсеткен
Павлодарда жарымжан жандардың күтіміне бөлінген 13 млн теңге ізім-қайым жоқ.
Одан бөлек 1 мыңнан астам мүгедекке міндетті әлеуметтік көмек көрсетілмеген. Әрі 1700 мүгедек жанға 5,5 млн теңге заңсыз салық төлеткен. Одан басқа медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері жүріп-тұруы қиын адамдарға қатыгездік көрсеткен. Тіпті, мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен тамақтандырған. Мұның бәрі бейнекамераға түсіп қалған. «Енді жауапты адамдар әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылады» дейді облыстық прокуратура қызметкерлері.
Бақылаушы орган жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 50-ге жуық заңбұзушылыққа жол бергенін жария етті.
Асхат Қоқымбаев, облыстық Прокуратураның қоғам мүдделерін қорғау басқармасының бастығы:
Бүгінгі күні 5 қылмыстық іс қозғалды. Сурдо аударманы оқытатын үш мұғалім алаяқтық әрекетке барған. Мүгедектерге арналған әлеуметтік нысан барлық талапқа сай деп жалған құжат берген екі адамды ұстадық. Олар бірден кінәсін мойындап жеке пайдасына иеленіп кетпек болған ақшаны толық қайтарды. Сондықтан іс тоқтатылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем кубогы: Үздік 16 команда анықталды
04.07.2026, 20:07
Қызылордада күйшілер байқауы өтті
04.07.2026, 20:06
Президент Ермек Серкебаевтың 100 жылдық мерейтойына орай құттықтау хат жолдады
04.07.2026, 20:06
Оқушыларымыз Еуропалық география олимпиадасында тарихи нәтижеге қол жеткізді
04.07.2026, 20:05
Ұлттық домбыра күні Бельгияда тойланды
04.07.2026, 20:04
Шетелде домбыраны онлайн үйреніп жатқандар көбейді
04.07.2026, 20:04
Respublica партиясы Құрылтай сайлауына кандидаттар тізімін бекітті
04.07.2026, 20:03
Халықтық Конституция - құқықтық мемлекет құрудың негізі
04.07.2026, 20:03