Ұлттық құрылтайға 117 адам мүше болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрылтайға 117 адам мүше болды

15.06.2022

Бүгін Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайды құру жөнінде Жарлыққа қол қойды. Президент жанындағы институттың ережесі мен құрамын бекітті. Ұлттық құрылтайға 117 адам мүше болды. Олардың арасында елге танымал ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, түрлі сала өкілдері, журналистер мен дінтанушылар бар.

Ілкімді істерге ұйытқы болған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз жұмысын аяқтады. Оның құрамының негізгі бөлігі енді құрылтайға өтті. Сонымен қатар, әр өңірдегі қоғамдық кеңестің бір мүшесі енді. Олар қоғамның бірлігін нығайтуда қарап қалмауы тиіс. Тың бастамалар көтереді. Ой-пікірлерін ортаға салады.

Айман Омарова Адвокат, ҚР Президенті жанындағы ұлттық құрылтайдың мүшесі:

«Өзінің рөлі бар. Саяси рөлі бар. Қазіргі геосаси жағдай, геополитика көріп тұрсыз қандай екенін. Бұл жерде қалай болғанмен де жаңа Қазақстанды жолы, елдің әлеуметітк жағдайын, елдің снасын өзгерту өте керек кеңес деп айтам құрылтайды».

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі елдегі әлеуметтік-экономикалық проблемаларды көтерді. Кешенді реформалар төңірегінде келелі басқосулар өткізді. Пікір алмасты, ортақ шешімдерді жүзеге асырды. Ал Ұлттық құрылтай қоғамды одан әрі ұйыстыруға бағытталған бастамаларды іске асырады. Жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға басымдық береді.

Бауыржан Серікбаев, Саясаттанушы:

«Қазақстанның ұзақмерзімді даму перспективаларын анықтайтын болады. Екінші республика деп жатырмыз. Жаңа Қазақсатн деп жатырмыз. Осы кезде еліміз қай бағытта дамиды, перспекттикалар анықталып осы құрылтайда көрсетілетін болады.» Әлеуметтік-экономикалық, ішкі мәселеріміз көтеріліп нақты шешімдер ұсынылатын болады деп есептеймін».

Ұлттық құрылтайдың құрылғаны – оң бастама. Қоғам өкілдері осылай дейді. Құрылтай дала демократиясынан бастау алады. Қазір әлемдік ахуал күрделі. Геосаси жағдай тұрақсыз. Осындай сындарлы сәттер мен елдің кемел келешегі тұсында дұрыс шешім қабылдау- маңызды. Ұлттық құрылтайға осындай кезеңдерде артылар жүк ауыр.

Шерзод Пулатов, Өзбек этномәдени орталығының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы ұлттық құрылтайдың мүшесі:

«Халық үніне құлақ асатын мемлкет құру мақсатында істелегн жұмыстыі нәтижесі деп білеміз.00.46+01.58 Халық арасында болып жатқан әртүрлі пікірлерді қабылдайтын болады. Және де ең басты құндылығымыз – ол біздің бірлігіміз. Сол бірлігімізді әрі қарай күшейту үшін, ұлттық құндылықтарымызды нығайту үшін жасалған осындай кеңес».

Құрылтай құрамында білімді, білікті азаматтар бар. Әрқайсысы өз саласының жүйрігі. Елге танымал.Жасы да, жасамысы да осында. Ойлары салмақты, пайым-парасаты кең. Ел ертеңіне бей-жай қарамайды. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құруда әрқайсысының ұтымды ұсынысы ескерусіз қалмайды. Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы ертең Ұлытауда өтеді.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу