Індет анықталған елді мекендерде карантин жарияланды
Атырау облысында ірі қара малдың арасында жұқпалы ауру тарады. Мамандар төрт-түліктен сынама алып, инфекциялық ринотрахеит екенін анықтады. Бірнеше елді мекенде карантин жарияланып, бақылау күшейді. Толығырақ әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тарқатады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Індет Құрманғазы ауданында өршіп тұр. Жұқпалы инфекция Дыңғызыл, Бөкейхан, Еңбекші және Құрманғазы ауылдық округтерінде тіркелген. Бұл аумақтардан малды сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды. Ауру жұқтырды деген 1407 ірі қараның мыңнан астамы індеттен айыққан. Қалғанын дәрігерлер емдеп жатыр, сау малға екпе салу басталды.
Сайран Ғұднан, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Малдың етін сатуға шектеу қойылған ауылдарда ветеринарлық анықтама берілмейді. РФ аумағынан қазір мал тасымалы көп жүргізіліп жатқанына байланысты ауру көбейіп тұр деп отырмыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Мамандардың айтуынша, бұл ауру тек жануарлар арасында таралады. Адамға жұғуы өте сирек. Әзірге ондай жағдайлар тіркелген жоқ. Соңғы ақпарға сәйкес Құрманғазымен көршілес Исатай ауданындағы Зинеден ауылында да 70-ке тарта сиыр ауырып тұр. Мал түгел сауығып, ветериянариялық шаралар аяқталған соң 30 күннен кейін ғана шектеулер алынады дейді мамандар.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАймақта 534 сайлау учаскесі жұмысын бастады
23.08.2026, 07:03
670 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды
23.08.2026, 07:01
Сайлау учаскелері ашылды
23.08.2026, 06:58
Құрылтай сайлауы басталды
23.08.2026, 06:57
Құрылтай депутаттарының сайлауы басталды
23.08.2026, 06:56
170 сайлау учаскесі 6:00-де ашылды
23.08.2026, 06:55