Басты Жаңалықтар Димаш Құдайберген продюсерлік еткен шоу Қытайда қаралымы жағынан абсолютті рекорд орнатты

Димаш Құдайберген продюсерлік еткен шоу Қытайда қаралымы жағынан абсолютті рекорд орнатты

Димаш Құдайбергеннің жаңа продюсерлік жобасы қаралым жағынан Қытайда рекорд орнатты. Музыкалық шоуды бір тәулікте 102 млн адам тамашалаған. Hunan TV телеарнасының мәліметінше, бағдарлама Қытайдағы аймақтық спутниктік арналар арасында да топ жарған. Сонымен қатар KuYun және Huanwang платформаларында да көш бастады. Сарапшылардың айтуынша, Қытайда әдетте 20-30 миллион қаралымның өзі көп саналады. 50 миллионнан асса – хит. Ал Димаштың жобасы 100 миллионнан астам көрермен жинап, ұлттық рейтингтерді жаулап алуы -  әлемге танылды деген сөз. Димаш бұл жобаның атқарушы продюсері әрі қатысушысы. Яғни өнер көрсетіп қана қоймай, идея, бағыт, мазмұнын ойластыруға да атсалысқан. Алғашқы шығарылымда сыншылар Димаштың музыкалық қойылымын «Ұлы Жібек жолының үні» деп атады.
Бағдарламаның алғашқы бөлімін ақпанның 5-і күні алматылықтар онлайн тамашалаған еді. Ал жалпақ жұрт рекорд орнатқан жобаны «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан 14 ақпаннан бастап көре алады.

Бөлісу