«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

30.05.2022
«Тұмар-2022» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

2022 жылдың 30 мамыр - 16 маусым аралығы tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2022» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2021 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар бере алады.

Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі:

1. Үздік телевизиялық сериал

2. Үздік деректі фильм

3. Үздік ақпараттық бағдарлама

4. Үздік әлеуметтік жоба

5. Үздік ток-шоу

6. Үздік ойын-сауық бағдарламасы

7. Үздік тележүргізуші

8. Үздік тележурналист

9. Үздік режиссерлік жұмыс

10. Үздік аймақтық телеарна

«Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы алғаш рет 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – кәсіби қоғамдастықтың бағалауы арқылы қазақстандық телевизиялық индустрияның дамуын ынталандыру.

Өткен жылдар ішінде 1359 өтінім қабылданып, 218 жұмыс номинанттар тізіміне енді. Эксклюзивті мүсіншеге отандық телевизиялық журналистиканың 59 маманы ие болды.

Жеңімпаздардың есімдері маусым айында белгілі болады. Жеңімпаздар қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.


Хабарламаларға жазылу