Креативті мамандықтар: Born Nomad байқауына өтінімдер қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Креативті мамандықтар: Born Nomad байқауына өтінімдер қабылдау басталды

22.07.2022

Born Nomad қолөнершілер мен креативті мамандықтар өкілдерінің байқауына өтінімдер қабылдау басталды.

Шара отандық өнімді қазақстандық және экспорттық нарыққа шығарып, дамытуға мүмкіндік беретін бірден бір алаң. Байқау АҚШ елшілігі мен «Kazakh Tourism» Акционерлік Қоғамының қолдауымен жүзеге асып отыр. Конкурстық бағдарламадан бөлек, оқыту семинарлары да қарастырылған. Қатысу тегін. Өтінімдер қыркүйектің 15-іне дейін қабылданып, жеңімпаздар қазан айында белгілі болады.

Аяжан Жақсыбай, жоба ұйымдастырушысы, дизайнер:

Коммерциализация, стартапты қалай шығару, нарыққа қалай шығу, өзінің өнімін шығару, промоушн, маркетинг, брендинг, сату және дистрибьюция, логистика – соның бәрін үйретеміз.


Хабарламаларға жазылу