12 ақпанда «Тұмар»  I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

12 ақпанда «Тұмар»  I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады

11.02.2017
 12 ақпанда «Тұмар»  I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады

12 ақпанда «Тұмар»  I Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдерді қабылдау науқаны басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараның басты мақсаты - ең сапалы әрі өзекті телевизиялық өнімді анықтау, ілгері жылжыту, кәсіби мамандарды қолдау. Бәйгеге өткен жылы эфирге шыққан телевизиялық жобалар қатысады.

Осыған байланысты ұлттық және аймақтық телекомпаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және басқа да медиа өндіріс ұйымдары үміткер ретінде қатысу үшін өз өтініштерін 24 ақпанға дейін жолдаулары тиіс.

«Тұмар» статуэткасы мына 12 аталым бойынша беріледі: Үздік деректі кино; Үздік әлеуметтік жоба; Үздік ақпараттық бағдарлама; Үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама; Үздік музыкалық бағдарлама; Үздік ток-шоу; Үздік телевизиялық сериал; Үздік әзіл-сықақ бағдарламасы; Телевизиялық маусымның үздік жобасы; Телевизияның дамуына үлес қосқаны үшін; Үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама; Үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама.

Бәйгені ұйымдастырушы - «Қазмедиа орталығы», Шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен өткелі отыр.

Қазылар алқасы жолданған материалдарды сараптап, қарап шығып, жасырын дауыс беру арқылы лауреаттарды анықтайды. Қазылар алқасы қазақстандық телевизияның ең кәсіби мамандарынан жасақталады.

Хабарламаларға жазылу