Алматыда аммиактан уланған 3 науқастың жағдайы ауыр
Алматыдағы балмұздақ шығаратын цехта аммиактан уланған бір адам ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге екеуінің жағдайы орташа ауыр, токсикология бөліміне шығарылған. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Фариза Мұсақызы, тілші:
Оқиға болған күні 5 науқас қалалық жедел көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Қазір олардың біреуі ғана жансақтау бөлімінде. Тағы біреуі жағдайы тұрақты болуына байланысты стационарлық емнен бас тартқан.
Оқиға осыдан екі күн бұрын осы жерде болған. Біз қазір балмұздақ шығаратын «Шин-Лайн» компаниясының зауытындамыз. Оқиға мұздату құрылғысы істен шығып, 500грамм аммиак ағып кеткеннің салдарынан туындаған. Бұл кезде вахтада 60 адам болған. Белгілі болғандай, зауыттағы апаттан кейін қызметкерлер шұғыл түрде ғимараттан шығып кеткен. Бірақ көп ұзамай олардың бесеуі өзін нашар сезінгенін, көбі бас айналу, жүрек айну, әлсіздік белгілерімен ауруханаға түсті. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, бұл мекемеде қызметкерлер үш ауысымда жұмыс істейді. Зауыт тәулігіне 60 тоннаға дейін балмұздақ шығарады. Оқиғадан кейін балмұздақ партиясы сараптамаға тапсырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08