Солтүстік Қазақстанда ойыншық құрамынан зиянды заттар табылды
Солтүстік Қазақстанда санитар дәрігерлер тексерген ойыншықтардың құмынан бала денсаулығына зиянды заттар табылды.
Мамандар жыл басынан бері 82 ойыншық сынамасына сараптама жасаған. Оның 61 пайызы талапқа сай болмай шықты. Басым бөлігіне таңбалау дұрыс жүргізілмеген. Ойыншықтардың 14 проценті санитариялық-химилялық талаптарға сай емес.
Өнім қауіпсіздігі мониторингінің қорытындысы бойынша сапасыз ойыншықтарды сатушыларға заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. Мұндай тауардың басым бөлігі Қытайдан әкелінгені анықталды.
Қорғанбаев Әділ, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:
Оның ішінде көбінесе фенол, бензол, формальдегид секілді оның қауіпсіздігіне сәйкес келмейтін зиянды заттар табылды. Мысалы формальдегидті алар болсақ, аллергиялық ракцияларға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
11.03.2026, 20:54
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
11.03.2026, 20:50
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15