Алматы облысында бүлдіршінді Алабай тұқымдас ит қапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында бүлдіршінді Алабай тұқымдас ит қапты

08.06.2022

Алматы облысында кішкентай қыз баланы Алабай тұқымдас ит қапты.

Оқиға Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында болған. Ауыл тұрғыны итті байлаусыз қалдырған. Үй жануары есік алдында ойнап жүрген бүлдіршінге тап берген. Куәгерлер итті баладан әрең ажыратып алған. Алабай баланың бетін, арқасын және жамбасын тістелеген.

Жануар иесі кішкентай қыздың ата-анасына 30 мың теңге беріп құтылмақ болған. Алайда олар оның қатаң жазалануын талап етуде.


Хабарламаларға жазылу