Атырауда 2 жастағы баланы ит талап тастады

20.11.2020

Атырауда аңға салатын ит 2 жасар баланы талап тастады. Оқиға қала іргесіндегі «Жұлдыз 2» ықшам ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, қабаған ит сәбидің басынан тістеп сүйрей жөнелген. Баланы ата-анасы құтқарып қалды. Сәбидің басы мен қолына зақым келген. Қазір ол ауруханада жатыр. Полицейлер иттің иесін тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Айгерім Айынғазиева, тұрғын:
Ит үстінде отыр. Өзіме қарай ырылдап тұрды. Үйден қолыма түскені балға болды. Балғаны алып, итке қарсы жүгірдім. Баламды құтқаруым керек қой.
Жақсылық Мағзомов, облыстық балалар ауруханасының дәрігері:
Баланың жағдайы ауыр болды. Сол жерден жарасы жуылып-шайылып, тазартып, тігілді. Бірінші көмек көрсетілді балаға. Баланың қазіргі жағдайы орта дәрежеде. Емін алып жатыр.

Ал, Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында кішкентай қызды талаған ит көршінің алабай тұқымдас иті емес екен. Бүгін облыстық Полиция департаменті мұны жоққа шығарды. Еске сала кетейік, Сәтбаевтағы саяжайда осыдан бес күн бұрын 6 жасар қызды бұралқы иттер талап өлтірген болатын. 

Жандос Темірғали


Атырау

Хабарламаларға жазылу