Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы ит қауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда төрт жасар баланы ит қауып алды

14.09.2023

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында 4 жасар баланы ит қауып алып, ауруханаға түсті. Ер балабалабақшадан келгеннен кейін ауланың сыртында алаңсыз ойнап жүрген. Кенет көрші ауладан шыққан алабай сәбиге қарай жүгірген. Итке таланып қалған баланың аталық безіне зақым келген. Дәрігерлер науқастың жағдайы орташа ауыр дейді. Оған күрделі операция жасалды. Он шақты күн дәрігердің бақылауында болады.

Әліби Төлегенов, дәрігер:

Алабай иті аралықтағы ұмасын тістеп, екі аталық безі сыртқа шығарылған жарақат болды. Сонымен қатар, сол жақ санының тістеген жаралары. Балаға алғашқы хирургиялық ота жасалып, ұмасының құрылымы қайтадан қалыпқа келтіріліп, тігілді.


Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу