Көкшетауда қос мереке - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда қос мереке

30.08.2014
Көкшетауда қос мереке

Бүгін ақмолалықтар облыс орталығындағы «Тәуелсіздік» алаңында ҚР Конституциясы күні мен Көкшетау қаласының 190 жылдығын атап өтуде. Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

Мерекелік шара облыс орталығындағы көрмеден басталды. Онда  Ақмола облысы тауар өндірушілері мен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауы жеңімпаздарының өнімдері ұсынылған.

«Ата Заңым – асыл қазынам» атауымен өткен салтанатты шара барысында облыс әкімі Сергей Кулагин облыс тұрғындары мен қонақтарын ҚР Конституциясымен және осынау мерекемен тұспа-тұс келген Көкшетау қаласының 190 жылдығымен құттықтады.

Сонымен қатар, аймақ басшысы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздарына диплом және бірқатар  тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкерілеріне «Ең үздік тұрғын үй-коммуналдық сала қызметкері» белгісін тапсырды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары Айжан Нұрмағамбетова, Әлішер Кәрімов және Польшада өткен халықаралық әндер байқауының лауреаты Бибігүл Ысқақованың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылуда.

Жалпы, бұл күні облыс орталығында 50-ге жуық түрлі мәдени-спорттық іс шара ұйымдастырылмақшы. Оның ішінде «Қазақстан - байтақ елім тірегім!» 7 флеш-моб өткізу көзделген.

Мерекелік шара «Туған күніңмен, Көкшетауым!» концерттік бағдарламасымен түрлі-түсті отшашуға ұласады деп жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу