Орталық референдум комиссиясының мүшелері шет елдік байқаушылар делегациясымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық референдум комиссиясының мүшелері шет елдік байқаушылар делегациясымен кездесті

03.06.2022

Орталық референдум комиссиясының мүшелері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының байқаушыларымен кездесті. Делегация референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен танысты. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеяның жұмыс тобында 7 адам бар. Олар Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан елінен келді.

Барот Файзулло, Халықаралық байқаушы:

Біз 5-маусымда тәңертең референдумның басталғанына куә болуды жоспарлап отырмыз. Бұдан кейін әртүрлі референдум учаскілеріне барып, тұрғындардың қалай дауыс беріп жатқанын көреміз. Бұл күні Елорда маңындағы елдімекендерге де барып, референдум барысын бақылаймыз.

Сондай-ақ, орталық референдум комиссиясының мүшелері бүгін Түркі мемлекеттері ұйымынан келген байқаушылармен де кездесті. Шетелдік делегацияны Түркі мемлекеттері ұйымы бас хатшысының орынбасары Гысмат Гөзалов бастап келген. Қонақтар республикалық референдумды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарымен танысып, өз миссияларын халықаралық құқықтық қағидаттары мен еліміздің заңнамасына сәйкес атқаратындарын жеткізді.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу