Талдықорғанда екі жылдық шектеулерден кейін, дәстүрлі қайырымдылық бал-маскарад өтті. Шараға 16 мен 27 жас аралығындағы 35 жұп іріктелініп алынды.
Жастар екі ай бойы қазақ және әлем классиктерінің әуезді әуендеріне вальс, полонез билеп үйреніп, түрлі акцияларға қатысты. Ерікті ретінде қарияларға қарайласып, қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, мұқтаж жандарға қол ұшы көмегін де созды. Бесінші мерейтойлық би кеші балалар жылымен және мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Мың бұралған жұптарға әншілер жанды дауыста сүйемелдеу жасап, шараға кішкентай бүлдіршіндер де өз үлестерін қосты. Қайырымдылық балына келген қонақтар арнайы есеп-шот пен қорапшаға қаржы аударып, жиналған қаражат мұқтаж жандарға, ем-дом іздеген науқастарға беріледі.
Жанерке Бексейітова, жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:Оқушылар да, студенттер де, колледж студенттері, университеттің студенттері, сонымен қатар мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін жастарымыз да қатысып жатыр. Яғни жастардың бастарын бірге қосу, жұмылдыру және де бал мәдениетін, этикетті дәріптеу болып саналады.
Қуаныш Қанатұлы