Осылайша жалпы егіс алқабы 23 млн гектардан асып отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице министрі мәлімдеді. Ведомство өкілінің айтуынша биыл диқандарды тұқыммен және техникамен қамту үшін республикалық жедел штаб құрылған. Нәтижесінде шаруаларға 670 мың тонна тыңайтқыш берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43 мың тоннаға көп. Жердің құнарын арттыратын минералдардың 50 пайызын мемлекет субсидиялайды. Мұның өзі егіс алқаптарының санын арттыруға сеп болды. Ал, пайдаланылмаған екі мыңдай жер уческесі мемлекетке қайтарылған. Бастапқыда түсіндіру жұмыстарынан кейін мыңнан астам диқан қайтадан жеріне соқа сала бастапты. Енді жерін күтіп баптамай, қараусыз қалдырған шаруаларға салынатын салық көлемі 20 пайызға көтеріледі.
Әбілхайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:Жер тозуына байланысты шара қолдану мәселесін қарастырып отырмыз. Ол функция жер кодексіне сәйкес жер инспекторларың құзыретіне жүргізілген. Базаларда интеграция жасау арқылы осы жұмыстарды да жүргізетін боламыз.
Cәбит Әлдебай