Солтүстік Кореяда бір күнде 3 зымыран сынақтан өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда бір күнде 3 зымыран сынақтан өткізілді

25.05.2022

Солтүстік Корея бүгін үш зымыран атты. Олардың бірі – құрлықаралық баллистикалық ракета болса керек. Бұл сынақ АҚШ президенті Джо Байденнің Азияға сапары аяқталысымен жасалып отыр. Ақ үй басшысы осы аймаққа барғанда Пхеньяннан төнген қауіпке тойтарыс беру үшін жаңа шараларды қолға алуға уәде етті.

Оңтүстік Кореяның мәлімдеуінше, ұшырылған үш зымыраның біреуі қысқа қашықтыққа арналса, екіншісі орта жолда құлағандықтан, оған сипаттама беру қиын.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Корея биыл гипердыбысты қаруларды тәжірибеден өткізіп қана қоймай, 2017 жылдан бері алғаш рет ядролық сынақ жасауға да әзірленіп жатқан тәрізді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу