Пхеньян ұшырған ракета АҚШ-қа жетуге қауқарлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньян ұшырған ракета АҚШ-қа жетуге қауқарлы

18.11.2022

Солтүстік Корея бейсенбіде ұшырған баллистикалық зымыран АҚШ аумағына жететін қуатқа ие. Жапонияның қорғаныс министрлігі осылай деп мәлімдеді. Жағалау қызметінің дерегіне сай, ракета Хоккайдо аралының батысынан 210 шақырымда теңізге құлаған. Зымыран сынамас бұрын Пхеньян АҚШ-тың аймақтағы белсенділігін арттыру жоспарына қарсы қатаң жауап беретінін ескертті.

Соңғы екі айда Солтүстік Корея 50-ден астам зымыранды сынақтан өткізді. Олардың көбі қысқа қашықтыққа жетеді. Ал ядролық оқтұмсықтары АҚШ-тың кез-келген бөлігіне дейін жетуге қауқарлы.          

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу