Солтүстік Корея тағы баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея тағы баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді

22.05.2017

Солтүстік Корея тағы баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді. Елдің мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мемлекет лидері Ким Чен Ын осындай ракеталарды сериялап шығаруға тапсырма берген. АҚШ әскерилерінің дерегінше, зымыран орта қашықтыққа арналған және ол 500 шақырымды ұшып өтіп, Жапон теңізіне барып құлаған. Ал, бір апта бұрын Пхеньян ядролық заряд таситын ракетаның жаңа түрін сынады. Ол 700 шақырым қашықтықты ұшып өтіп, Ресейге жақын маңда құлады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның зымыран сынау мәселесін талқылау үшін ертең бас қосады. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу