Солтүтсік Корея лидері Ким Чен Ын зымыран жасағандарды марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүтсік Корея лидері Ким Чен Ын зымыран жасағандарды марапаттады

13.07.2017

Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын құрлықаралық баллистикалық зымыран жасап, оны сәтті сынағандарды марапаттады. Салтанатты шара туралы бейнекадрларды бүгін елдің мемлекеттік телеарнасы көрсетті.

Марапатталғандардың ішінде зымыран жөніндегі сарапшылар мен ғалымдар, әуе күштерінің генералы мен биліктегі режимнің негізгі мүшелері бар.

Айта кетсек, өткен бейсенбіде Солтүстік Корея континенттен континентке ұшатын ракетаны алғаш сынақтан өткізді. Мамандардың пікірінше, жаңа зымыран АҚШ аумағына да жете алады. 

Хабарламаларға жазылу