Шет елге бас сауғалаған украиналық босқындар саны 6 млн-нан асты
Шет елге бас сауғалаған украиналық босқындар саны 6 млннан асты. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы мәлімдеді. Ал Украина мемлекеттік кеден қызметінің дерегінше, соңғы тәулікте отанына оралған азаматтар саны артып келеді. Соғыс әлі тоқтаған жоқ, қауіп-қатерге қарамастан босқындар неге елге қайтып жатыр?
Украинаның бірде бір өңірі әлі де адам өмірі үшін қауіпсіз емес. Дей тұрғанмен, Украинаның кеден қызметі соңғы тәулікте елге оралған тұрғындардың саны артты деп мәлімдеді. Айталық, соңғы бір тәулікте 46 мыңдай адам Украинаға қайтып келген, оның 42 мыңы украиналық. 20 мың тұрғын елге өзінің жеке көлігімен Польша, Словакия, Венгрия, Румыния және Молдава шекерасы арқылы өткен.
Аида Әбіл, тілші:
Босқындардың жартысынан астамы Еуропа елдеріне бас сауғалаған. Еуропа мемлекеті босқындарға барынша көмек көрсеткенмен, мұнда өз мамандығың бойынша жұмысқа орналасу қиын. Мысалы, Испанияда дәрігер екендігіңді дәлелдеу үшін кем дегенде екі жыл керек. Тілдік барьер тағы бар. Оның үстіне Киев облысындағы Буча, Гостомель, Ворзель қалалары орыс әскерлерінен азат етілді. Тағы бір фактор жеке көлігі бар украиналық елге гуманитарлық көмек тасып, сабылып жүр.
Аида Әбіл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53