Шығыстағы жағажайлар жазғы маусымға әлі дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы жағажайлар жазғы маусымға әлі дайын емес

23.05.2022

Шығыстағы жағажайлар жазғы маусымға әлі дайын емес. Көбісін қоқыс басқан, тіпті су түбінде адам денсаулығына қауіпті темір-терсек пен шыны сияқты заттар бар екені анықталды. Жаз бойы жағасынан адам қарасы үзілмейтін Өскемендегі этно саябақ аумағындағы өзен де лас болып шықты. Жұмсақ құм да жеткізілмеген. Бүгінге дейін аймақта суға шомылатын 16 орын белгіленді. Осы жағажайларға тексеру жүргізген Төтенше жағдай қызметкерлері оған иелік ететін кәсіпкерлерге олқылықты маусымның біріне дейін жоюды міндеттеді. Өңірде 2 мыңға жуық су айдыны бар. Соның 116-сына құзырлы органдардың шешімімен шомылуға тыйым салынған. Өйткені, ол аумақтарда қайғылы жағдай жиі болады. Былтыр аймақта 35 үлкен адам және 10 баланың ажалы судан болған.

Руслан Орынбеков, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

Шомылу маусымының қарсаңында барлық жағажайларда судың түбі мен жағажайлардың дайындығы тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл іс-шараны атқарудың мақсаты адамдардың, балалардың, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып отырған іс-шаралар.


Хабарламаларға жазылу