Жеңілдетілген пайызбен 34 қазақстандық көлік алды
Жеңілдетілген пайыздағы автонесие бойынша 34 қазақстандық көлік алды. Ал бес мыңға жуық клиенттің өтініші мақұлданып, оған 35 млрд-тан астам қаражат жұмсалған. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қорының мамандары мәлімдеді. Бағдарламаның негізгі операторы қазір автонесие алу шарттарын жеңілдеткен. Бұған дейін кезекке көліктің VIN-коды арқылы тіркеу талабы алынып тасталды. Қазір авто салондарда ұзын-сонар кезек жоқ. Несиелендірудің бірінші кезеңінде 4 пайыздық жеңілдікпен 10 мыңдай азамат көлік алады. Ал, келесі кезең несиеге автокөлік алғандардан төлем түсе бастағанда қайта жалғасады. Қаржыландырудың ревальверлік жүйесіне 100 млрд теңге қаралған.
Ғалымжан Әди, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма басшысы:
Автокөліктерді шығарушылармен келіссөздер нәтижесінде көліктің VIN-коды көрсетілмейтін болды. Осының арқасында несие халыққа неғұрлым қолжетімді болады. Төлем құжатын алады. Несиесін барып жасата береді. Артынан автокөлік келген кезде оны да ала береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08