Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі 14 мыңнан астам бала бар
Олардың бес мыңға жуығы мектеп жасына жетпеген. Өңірде ерекше күтімді қажет ететін жеткіншектерге арналған білім беру орындары аз. Сондықтан басым бөлігі үйден білім алуға мәжбүр. Сенаттың әлеуметтік-мәдени және ғылым комитетінің мүшелері Алматы облысына арнайы барып, инrлюзивті білім беру туралы заңнамаларға енгізілетін толықтырулар мен өзгертулерді пысықтады. Балабақша, мектеп, колледждерде мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндіктері еш шектелмеу керек. Олардың шығармашылығын дамытуға да ерекше мән беріліп отыр. Халық қалаулылары "барлық жағдайды өз көздерімен көріп, заң қабылдар алдында бірқатар мәселелерді ескереміз" деді.
Бейбіт Исабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Кез келген іс-шара жаңарулардың бәрі заңнамалық негізден басталу керек. Сондықтан заңға осы көмектің, мемлекет тарапынан жүргізілетін осындай саясаттың барлық механизмдерін біз болашақта проблемалар шықпау үшін барлық механизмдерін ойластырып, солардың теңгерімділігін қамтамасыз етіп, заңға қажетті өзгерістерді енгізуіміз қажет.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54