Талдықорғанда әр жылдары берілген мыңнан астам пәтердің ешбір құжаты жоқ
Бірақ ол жерде халық тұрып жатыр. 330 пәтер еш бір санатта жоқ жеке тұлғаларға және қалада қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметкерлерге беріліп кеткен. 700-ге жуық баспана әлеуметтік осал топтарға таратылған. Олардың 300-ге жуығы коттеджді қалашықта болса, 386 пәтер көпқабатты үйлерде орналасқан. Қазіргі таңда пәтер иелерін нақтылау және берілу заңдылығы анықталып жатыр. 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылған. Жалпы облыс орталығында қазірдің өзінде 16 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.
Гүлжан Тұрсын, қала тұрғыны:Алды 30 жыл. Одан кейін 10 жыл бұрын кезекте тұрған адамдар пәтер алған. Енді бүгінде заңдастырайын десе кезекте тұрған қағазыңызды әкеліңіз деп айтады. Ал ЖКХ-ға барған жағдайда қағаздардың түбіртегін жоғалтып жіберген. Журналдар жоқ.
Құжаты жоқ пәтерлерді анықтау жұмыстарына қоғам белсенділері, заңгерлер мен еріктілер тартылып отыр. Ал кезекке тұру тәртібі электрондық портал арқылы жүзеге асырыла бастады. Айта кету керек порталға да инвентаризация жасалып, заңсыз тіркелген 2 мыңдай азамат кезектен алынды. Сондай-ақ қалада тек қана жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде 30 мыңнан астам азамат тұр.
Әсет Масабаев, қала әкімі:Жемқорлық жағдайлар болды көрдіңіздер. Бұған дейін соттар да болды. Әлі де жүріп жатыр кейбір жағдайлар. Сол жерде кезектерін ауыстырып басқа адамға пәтерді беріп отырған. Бізге ең керегі әділдігін анықтау. Яғни тұруға лайықты адам ол пәтерді алу керек. Ал лайықты атын жамылған адамға ол пәтер не үшін керек? Мәселе сонда болып тұр. Осы жағын анықтап реттейін деп отырмыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17