Әлішер Кәрімов: «Жаңа толқын» байқауында нағыз өнер бағаланбайтынына көзім анық жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлішер Кәрімов: «Жаңа толқын» байқауында нағыз өнер бағаланбайтынына көзім анық жетті

30.07.2014
Әлішер Кәрімов: «Жаңа толқын» байқауында нағыз өнер бағаланбайтынына көзім анық жетті

«Жаңа толқын-2014» халықаралық музыкалық байқауынан оралған қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов Ұлттық арнаға шексіз алғысын жеткізді.

Латвияның Юрмала қаласында өткен ән додасында жерлесіміз 10-шы орынға ие болды.

Байқауда 13 елден келген 16 қатысушы бақ сынады. 

Алғаш рет сахнаға 5 жасында шығып, халықты «Шайхана» әнімен   тәнті еткен Әлішер Кәрімов ««Жаңа толқын» байқауында нағыз өнер бағаланбайтынына көзім анық жетті. Десе де, ән додасына қатыссам, деген бала күнгі арманым орындалды»,  деп қазылар алқасына  өкпесін жеткізді.

 Ұйымдастырушылар әнші репертуарындағы «Әлия» әнін орындауға рұқсат бермеген.

Әлішер 2011 жылы Витебсктегі «Славян базары» XX Халықаралық өнер фестивалінде Қазақстанның атынан лайықты деңгейде өнер көрсетті. Онда 3-ші орынды иеленіп, «Ресейдің БАҚ-ның арнайы жүлдесін» алған болатын.  

Алтынбек Рахметов, продюсер:

Байқауды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде қаз-қалпында көрсетті. Ресей арналарының өзі жинақтап, түзетіп, 2,5 сағатқа кешігіп беріп жатты.  13-ші рет өткізіліп отырған байқауды шынайы қалпында Қазақстан халқы ғана тікелей таратылымда көре алды. Осындай сыйды ұсынған Ұлттық арнаға айтар алғысым шексіз.  Ал, бұл сайыстың олжасы  - былтыр бас бәйгені жеңіп алған кубалық өнерпаз Roberto Kel Torres  Әлішермен бірігіп, ән жазуға ұсынысын білдірді.

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу