Таразда жарылыс кезінде қаза болған жауынгерлерге арналған мемориал тақта ашылды
Таразда жарылыс кезінде қаза болған жауынгерлерге арналған мемориал тақта ашылды. Былтыр Байзақ ауданында әскери қоймадағы жарылыс кезінде 14 адам өз өмірлерін құрбан етті. Оның ішінде 10 азамат алдыңғы шепте болған өрт сөндірушілер еді.
Қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында ашылған мемориалдық тақтаға опат болған ерлердің есімдері қашалған. Бүгін олардың рухына тағзым етуге келген жұрт, халықтың қорғаны болған қайсар жандардың ерлігін еске алып, құрмет көрсетті. Қаза тапқан қызметкерлердің туыстары мен жақындары да жылы естеліктерімен бөлісіп, алғыстарын білдірді.
Гүлмира Байдыбекова, Марқұм К.Әлібидің анасы:
Ерлігі еш кетпеді. Мақтанамыз осындай ерлік жасап елі үшін жанын қиды. Бәрі басқаша болуы керек еді. Бауырларым, інілерім, балаларым барлығына тағзым етеміз, басымызды иеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13