Өскемендік мұғалімдер өткен айда 5 теңгеден жалақы алған
Өскемендегі №18 орта мектептің кейбір мұғалімдері өткен айда 5 теңгеден жалақы алған. Аң-таң болған ұстаздар бірден құзырлы органдарға шағымаданады. Тексере келе мектеп есепшісінің қателігі анықталған. Ол жыл бойы мұғалімдерге жалпы сомасы 20 миллион теңгені артық аударып келген. Ал кейбіріне керісінше жалақыны кем есептепті. Есепші жұмыстан шығар кезде қаржыға қатысты тағы бірқатар былық анықталған. Енді есепшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Артық төленген бюджет ақшасын қайтару үшін мұғалімдердің жалақысының белгілі бір бөлігі ұсталып жатыр. Қазір бұл мәселеге еңбек инспекциясы араласып жатыр.
Ольга Шмид, бастауыш сынып мұғалімі:
Еңбекақыға 5 теңге аударылғанын көріп шошып кеттім. Басшылық қандай да бір қателік жіберілген болар деп түсіндірді. Мен негізі ай сайын 200 мың теңгеге жуық жалақы алатынмын.
Сәуле Алагөзова, қалалық Білім бөлімінің басшысы:
Бір адамға 13-14 мың артық аударылған әр жұмысшыға сондай олқылықтар анықтадық, әрине бұл жерде директордың жауапкершілігі болуы керек. Сондықтан да есепшісіне қылмыстық іс қозғалды. Ал директорды тәртіптік жазаға тартатын боламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00