Алматыда мүгедектігі бар 200 адамның 1 млн теңге берешегі жойылды
Алматыда мүгедектігі бар 200-ден астам адамға 1 млн теңгеге жуық көлік салығы заңсыз салынған. Бұл туралы Жетісу аудандық прокуратурасының мамандары хабарлады. Қадағалау органының қызметкерлері аудан бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіне талдау жасаған. Тексеру барысында II топтағы мүгедектігі бар тұлғаға 2019 жылдан бастап көлік салығын төлеу міндеттелгені анықталған. Әйтсе де, тексеріс нәтижесінде 200 адам заңсыз берешегінен құтылды. Жетісу аудандық прокуратурасының мамандары мұндай қателік анықталса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінуге кеңес беріп отыр.
Ермек Базарбаев, Жетісу аудандық прокуратурасы прокурорының орынбасары:
Аудан прокуротурасымен 2019-2020 жылдар аралығанда мүгедектігі бар жандарға солардың құқықтары сақталу бойныша талдау жұмыстары жүргізілді. Сол талдау жұмыстарының нәтижесінде осындай заң бұзушылықтар анықталып отыр. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокурор ықпал ету актісі енгізілген. Қаралым нәтижесінде 200 мүгедек көлік салығынан босатылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
7 жылда 1483 балабақша ашылды
27.10.2026, 20:22
Балалар арасында көз аурулары көбейген
27.10.2026, 20:21
Азық-түлік өндірісінде Абай облысы көш бастады
27.10.2026, 20:20
Елімізде қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендеген
27.10.2026, 20:08
Қалдықтарды қайта өңдеу көлемі артады
27.10.2026, 20:05
Еуропа халқы жаңбыр суын пайдалануға көшті
27.10.2026, 20:05
Сот жүйесіне сенім артқан
27.10.2026, 20:05
АҚШ Президенті елімізді Республика күнімен құттықтады
27.10.2026, 20:05