Қарқаралыда мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үйлер әлі тапсырылмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарқаралыда мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан тұрғын үйлер әлі тапсырылмаған

04.05.2022

Қарқаралыда мемлекеттік бағдарламамен салынып жатқан екі бірдей тұрғын үйдің құрылысы кестеден тура бір жылға кешігіп жатыр. Жоба бойынша 36 пәтерлік баспаналар былтыр тапсырылу керек еді. Алайда құрылыс жұмыстарының әлі жартысы да аяқталмаған. Үш қабатты үйлерді салу үшін мемлекет қазынасынан 355 миллион теңге бөлініп, 2020 жылы іргетасы қаланады. Бірақ құрылыс материалдары күрт қымбаттап, жобаға түзету енгізуге тура келеді. Мамандардың айтуынша, енді шамамен тағы 200 миллион теңге қажет. Биыл мамыр айына дейін қажетті қаражат аударылып, жұмыс қайтадан жанданады деген жоспар бар. Алайда өткен жылы құрылыс тоқтап тұрған кезде үйді су басып, сыз тартқан қабырғалары жарылып кеткен. Себебі төменде орналасқан бұл жерге таудан аққан қар суының барлығы жиналады екен. Қазір құрылыс бөлімі үйдің техникалық жағдайын анықтау үшін сараптамаға берген. Нәтижесін күтіп отыр.

Талғат Омаров, Қарқаралы аудандық Құрылыс бөлімінің басшысы:

Сыртынан қаптаған кірпіште жарықшақпайда болды 2-3 жерден. Соны біз тексертіп жатырмыз. Осы корректировкада сол жұмыстар жасалып жатыр қосымша. Соның шешімімен көреміз қандай жағдай болатынын. Микротрещина шыққанда маяктар қойып тексеріп қарадық. Әртаман ол кеткен жоқ жарықшақтар. Дегенмен жаңағы жобалаушы мекемелер оны зерттеп топырағын төрт бұрышынан анализдарын қайтадан алып, геологиясын қарап, тексеріп жатыр.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу