Германияда инфляция 40 жылдағы ең жоғарғы деңгейге жетті
Германияны соңғы 40 жылда болмаған қымбатшылық жайлады. Азық-түлік, табиғи газ және мұнай бағасы шарықтап кеткен. Жағдай Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін осылай боп өзгерді.
Елдің ауылшаруашылық министрлігі жеміс-жидек, көкөніс және бұршақ дақылдарына қосымша құн салығын уақытша алып тастауды қарастырып жатыр. Бұл - кедей отбасылардың өмірін жеңілдету үшін қажет шара. Зерттеу мәліметіне қарағанда, ауқатты германиялықтар да ақша үнемдеуге көшіп, жағдай түзелгенін күтіп отыр. Экономистердің пікірінше, бұл стагфляцияға, яғни, экономикалық құлдырау мен инфляцияның тереңдеуіне әкелуі мүмкін. Германияда мұндай қымбатшылық бұған дейін 1981 жылы бірінші Иран-Ирак соғыстан кейін болған екен.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10