«Талибан» Иранмен арадағы шекарада қорғанысты күшейтіп, арнайы күштерін шоғырландырды
«Талибан» Иранмен арадағы шекарада қорғанысты күшейтіп, арнайы күштерін шоғырландырды. Бұған Иран мен Ауғанстан шекарасында жағдайдың шиеленісуі себеп. Тәліптер болса, осы маңға Иранның танкілері, брондалған машиналары мен тікұшақтары жіберіліп жатқаны туралы бейнеролик таратты. Кейін Тегеран бұл видеолардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Айта кетері - Иран мен Талибанның шекара күзетшілері арасында өткен аптада қақтығыс болған. Осыған орай өткізу пункті уақытша жабылды. Тәліптер билікке келгелі екі жақтың шекарашылары арасында жанжал бірнеше мәрте тіркелген.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10