Елімізде екінші жыл қатарынан астық шықпай қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде екінші жыл қатарынан астық шықпай қалуы мүмкін

17.04.2022

АҚШ Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға кері әсерін мейлінше жеңілдетуге талпынатынын айтты. Дегенмен, салдарын түрлі салада сезе бастадық. Қазақстан қазынасына 300 млрд теңге түспей қалуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады. Әлемдік компаниялар тауарын Ресейге экспорттаудан бас тартып жатыр. Демек, көрші ел арқылы бізге келетін тауарлар да азаяды. Бұл импорттан түсетін салық мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Санкцияланған ресейлік үш банктің елімізде жұмысы тоқтаса, бұл да бюджетке түсімді азайтады. Ал солтүстіктегі көршіміздің бидай экспортына тыйым салғаны аграрлық салаға ауыр тиіп тұр. Диқандар Ресейге ақшасын төлеп қойып, енді егістікке тұқым жеткізе алмай отыр. Диірмендер де астық қоры 2 аптаға ғана жетерлік, - деп дабыл қақты. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында диірмендердің басым бөлігі жұмысын тоқтатқан. Парадокс. Әлемдегі астықты елдің біріміз. Бірақ нанымыз қымбат, ұн тапшы. Неліктен? Басты себеп: кәсіпкерлердің алдымен ішкі нарықты қамтуды емес, қалтасын қампитуды ойлайтыны. Олар осындай шақта бидайды неғұрлым қымбатырақ сатсақ деп, сыртқа шығарып жүрді.Ал бұған неліктен жол берілді? Астық өңдеушілер ауыл шаруашылығы министрлігінен бидай экспортын тоқтатуды талап еткеніне 1 айға жуықтады. Бұл жағдайға қатысты бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков фейсбукте былай деп жазған екен: «11 сәуір – астық тапшылығы жоқ. 15 сәуірден бастап бидай мен ұн экспортына шектеу енгізіледі». Осы жазбасының жанына «оксюморон» терминін жалғап қойған. Расымен, қарама-қайшылық көп. Жалпы, аграрлық саланың сан мың проблемасы бар. Оңғар Алпысбайұлы соларды саралап көрді.

Шаруалардың жағдайы қиын болып тұр. Былтыр қуаңшылық, биыл қымбатшылық қысып барады. Ресейдің бидай тұқымының экспортына тыйым салуы да диқандарды тығырыққа тіреп тастады. Солтүстік өңірлерде әне-міне егіс науқаны басталады. Бірақ диқандар егін егуге әлі дайын емес. Тұқым жетіспейді. Жыл сайын біз бидайдың элиталы, құрғақшылық қатөзімдісортынРесейденалатынбыз. Биыл да жоспар солай еді. Алайда, жуырда көрші ел астықты экспорттауға тыйым салды. Мәселен, Павлодар облысындағы ең ірі шаруашылықтардың бірі 60 мың гектар алқапқа егін салады. Тұқымды Омбы облысынан алуға уағдаласқан. Бірақ жеткізе алмай дал.

Николай Миллер, шаруашылық директоры:

Алдын-ала төлеп қойдық. Бірақ жылдағыдай дән себу жұмыстары басталған уақытта алып келеміз-депжоспарлаған болатынбыз. 150 тонна элиталық сорт. Қазір оны себуге дайындау үшін кемінде 20 күн керек. Топырақ кеуіп кетіп үлгермей қалуымыз мүмкін.

Солтүстік өңірдегі диқандардың дені осы проблемамен бетпе бет келіп отыр. Ресейден бізге биыл 22 мың тонна тұқым келу керек. Жеткізілуі енді екіталай. Мәселенің тез шешілуіне Ресей тарапы да мүдделі. Алдын ала жасалған келісімдердің орындалуына үкімет тарапынан атсалысамыз деп отыр.

Наталья Шагайда, Ресей федерациясының ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық саясат бөлімінің директоры:

Қазір экономикалық және саяси жағдай өте қиын. Ресей үкіметі ішкі нарықты қамтуға тырысып жатыр. Екінші жақтан, Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Сондықтан, қолдау көрсетілуі керек деп есептеймін. Екі ел үкіметі бұл мәселені шешетінін есенімдімін.

Енді біз аграрлы ел бола тұра неге Ресейдің бидайына тәуелдіміз деген сұраққа жауап берейік. Бәрі ғылымға кеп тіреледі. Олардың тұқымы сапалы әрі қуаңшылыққа төзімді. Көп күтімді қажет етпейді. Аз салып, көп оруға болады.

Ербол Есенеев, «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры:

Канада, Ресей елдерінің ғалымдары біздің ғалымдардан артықі стейді деп айтуға болады. Неге десеңіз олардың қуаңшылыққа төзімді тұқырмдарды көп шығарады да, сондай тұқым шаруаларда сұранысқа ие, әрине үлкен сұрақ. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жеке шаруашылықтар ұзақ мерзімге бағдарлама болу керек. Біреуге қара потыруға болмайды.

Оның үстіне осындай жоғары сұрыпты бидай біздікі не қарағанда едәуір арзан.

Мереке Смағұлов, шаруа: 

Мысалы орыстар бізге тұқымды 150 мың теңгеден берсе, бізде 180 мың теңгеден кемі жоқ 2 репродукция. Элиталар 200 мыңға шығып кетті. Неге десеңіз жәй тауарлы бидай әлемдік нарықта 400 долларға кетіп қалды. Санкциядан кейін теңгеге доллар көтерілгесін баға да өсті.

Ал кез келген тауардың бағасы оның өзіндік құнына тікелей байланысты.

Қазыбек Омаров, Қазақстан астық одағының ресми өкілі:

Шаруа астықты өндіру үшін техниканы қолданады, қосалқы бөлшектерді қоланады, жанар-жағармай қолданады, дәрі-дәрмек қолданады. Тыңайтқыштар қолданады. Тұқымдық қолданады. Айлық төлейді. Электр энергиясын қолданады. Осының барлығы қымбаттады. Техникаға утилизациялық салым салып қойдық. 1 қаңтардан бастап қазір ауылшаруашылығы техникасын импорттаған жағдайда НДС дейміз ғой қосалқы салық оны төлейміз 12 пайыз.

Шаруалардың пікірінше мемлекет қымбатшылық пен шекті баға қою арқылы емес түпкі себебін жою арқылы күресуі керек.

Қазыбек Омаров, Қазақстан астық одағының ресми өкілі:

Кез келген тауардың, астықтың да оның ішінде құнын түсірудің заңды және зиянсыз зардапсыз түрі бар – оны өндіруді көбейту. Яғни нарықтағы ұсынысты көбейту. Ол үшін шаруа қожалықтарына көмек көрсету керек. Бәсекелестік нарықтағы жалғыз сен емес барлығы жақсы өнім алса нарықтағы бәсекелестіктің арқасында баға да түседі.

Біздегі бағаның бой бермеуінен ұн өндірушілер де зардап шегіп отыр. Ресей астық өнімдерін экспорттауды тоқтатысымен солтүстік өңірдегі диірмен иелері бидай жоқ деп дабыл қақты. Қазақстандық бидайды пайдаланайын десе қымбат. Ұнның бағасын өсіруге мәжбүр болады. Қазір Ресей мен Өзбекстаннан елімізге арзан ұн кіріп жатқандықтан біздің қымбат өнім өтпей қалуы мүмкін.

Евгений Ган, Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті: 

Қостанайдағы тәжірибе мынандай, үш бірдей диірменді бұзып Ресейге апарып қайта салмақ. Ол жақта ұн тартатын кәсіпорындарға өте қолайлы жағдай бар. Оңтүстікте, нақты айтқанда Түркістан облысында диірменің Өзбекстанға көшіруді жоспарлап жатқандар бар.

Экономикада барлық сала бір біріне берік байлаулы екені бесенеден белгілі. Жоғарыда айтылған тапшылық пен қымбатшылық ас атасы нанның қымбаттауына әкеп соқтыруда.

Оңғар Алпысбайұлы, тішлі:

Жоғарыда айтылған барлық проблемаға жауапты ауыл шаруашылығы министрлігі. Біз апта басында мәселелерді жіпке тізіп, атқарған шаруалары мен жоспарларын сұрап оларға ресми хат жолдадық. Баспасөз қызметі жауапты мамандар Жамбыл облысына іссапармен кетті, сұхбат беретін адам жоқ деп қырық сылтау айтты, жалтарды. Әйтеуір білдей министрліктен бізбен тілдесетін бір маман табылмады. Бір анығы қазір нақты шешімдер қабылданбаса былтыр қуаңшылықтан қиналып қалған шаруалар биылғы тапшылыққа төтеп бере алмай қалуы мүмкін. Ал, ең соңында зардап шегетін тағы қарапайым халық.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу