Қостанай облысында авиациялық отын өндіретін зауыт салынады
Қостанай облысы Рудный қаласында авиациялық SAF отынын өндіретін зауыт салынады. Бұл жөнінде бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов америкалық LanzaJet компаниясының бас атқарушы директоры Джимми Самарицпен, коммерциялық қызмет жөніндегі вице-президент Стефан Тионмен кездесті. Тараптар өнеркәсіптік және технологиялық серіктестікті дамыту мәселелерін қарады. Ал бірлескен жоба экологиялық таза авиаотын өндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан Үкімет басшысы «жасыл» авиацияны жандандыру үшін озық технологияларды енгізу жайын талқылады. Рудныйда бой көтеретін зауыт жылына 54 мың тонна авиаотын шығарады. Сондай-ақ 100 мың тонна биоэтанолдың қайта өңделген түрлерін өндіруге болады. Бүгінде зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстары аяқталды. Шетелдіктер жобаны бірлесіп жүзеге асыру үшін интеграцияланған құрылым құруды қарастыруды ұсынды. Үкімет жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Жалпы LanzaJet компаниясы органикалық заттар дән, жүгері, картоптан таза авиаотын алу бойынша көшбасшы компания саналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы