Басты Жаңалықтар Жетісу облысында «Жеңіс саябағы» ашылды

Жетісу облысында «Жеңіс саябағы» ашылды

Жетісу облысы Ескелді ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жеңіс саябағы» ашылды. Қаратал ауылындағы саябақты жөндеу жұмыстары бес жыл бұрын басталып, мердігерлердің салғырттығының кесірінен тоқтап қалған еді. Биыл іс қайта жанданып, толық жаңартылды. Аумағы 5 гектар болатын демалыс аймағында 4 балалар ойын алаңы мен 3 әмбебап спорт алаңы салынып, заманауи құрылғылармен жабдықталды. Қызметкерлерге арнайы әкімшілік ғимарат та салынған. 

Елдос Ахметов, Ескелді ауданының әкімі:

460 ағаш егілді. 4 түрлі ағаш бар бұл жерде. Қылқан жапырақтысы бар, Канадалық клен ағашы бар, шыршалар отырғызылып жатыр. 146 гүл отырғызылып жатыр, жаңағы көп жылдық гүлдер. Көктемде тағы отырғызылады. Орындық, урна барлығы әлі де қойылып жатыр.

Сондай-ақ Петропавлда «Таза Қазақстан» жалпұлттық акциясы аясында эстафета ұйымдастырылды.

Сайысқа колледж студенттері қатысты. Шараның басты мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениет қалыптастыру. Командалар түрлі тапрысмаларды орындады. Қоршаған ортаға қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді. Эстафета соңында жеңімпаздар марапатталды.


Бөлісу