Ақтөбеде оқушылар 4 мың асықтан киіз үй жасады
Ақтөбеде оқушылар 4 мың асықтан киіз үй жасады. Назарбаев зияткерлік мектебінің білім алушылары оған екі апта уақыт жұмсаған.
Киіз үйдің диаметрі бір метр. Ал биіктігі 80 сантиметрден асады. Оқушылар үшін ең қиыны асық жинау болған. Сондықтан Астана, Тараз, Өскемен қалаларындағы Назарбаев мектебінің оқушылары да ат салысқан. Сондай-ақ ұстаздар да көмек қолын созыпты. Туынды Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған.
Ғани Телағыс, НЗМ оқушысы:
Оқушыларға оңайырақ, жеңілірек болу үшін алдын ала картоннан каркасын жасап қойдық. Оқушылар өздерімен келген асықтарымен топ-топқа бөлініп, осы киіз үйді жасауға ақтысты.
Мектеп оқушыларының ұлттық ойынға деген қызығушылығы зор. Олар бос уақыттарында және сабақ арасындағы үзілісте арнайы жабдықталған орынға келіп, асық ойнайды. Ұстаздардың айтуынша, бұл балаларды сергітіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретеді.
Қайырбек Сәбитұлы, мектеп директоры:
Сонымен қатар осы киіз үйді жасаймыз деген кезде оқушылар қатты қуанды. Себебі бұл табиғи метриалдармен оқушылардың тек қолмен жұмыс істеу дағдысы емес, сонымен қатар мәдени мұраны да еске алу.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04