Абай облысында мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыссыздық азайып келеді
Абай облысында жастардың еңбекке араласуына мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып келеді. Жас мамандар тәжірибе жинап, еңбек нарығында өз орнын тауып жатыр. Әсіресе «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты» атты жобалар арқылы жұмыссыздық едәуір қысқарған.
Мәдина Байман биыл колледж бітірген. Бастапқыда мамандығы бойынша жұмыс таппай
біраз сабылған. Мәселесін Аягөз қаласындағы мәнсап орталығына барған соң
мәселесі шешілді. «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы арқылы балабақшаға тәрбиешінің
көмекшісі болып жұмысқа тұрды. Осылайша еңбек жолын бастап, тәжірибе жинақтап
жүр.
Мәдина Байман, тәрбиешінің көмекшісі:
Енді бітірген жастар үшін жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Өйткені қайда жұмысқа баратыныңды білмейсің басында сол кезде жақсы жолдарын нұсқап, көмектеседі. Бұрын тәжірибе болмаған қазір осындағы мамандармен тәжірибе алмасып, олар маған көмектесіп жақсы жұмыс жасап жатырмыз.
Ал Еркежан Қалиева Аягөз аудандық ауруханасында мейірбике. Емдеу мекемесіне
«Ұрпақтар келісім шарты» бағдарламасымен келген. Қазір тәжірибе жинақтап жүр.
Еркежан Қалиева, мейірбике:
Бұл жақтағы тәжірибелі мамандар маған өздерінің бар білгендерін үйретіп жатыр. Жақында зейнетке шығатын адамның орнына мені тағайындап жатыр. Соған мен тәжірибе өтіп жатырмын. Қай жерге бару керек екенін барлығын нақтылап түсіндіреді. Жұмыс таба алмай жүрген жастардың барлығына осындай орталықтардың болғаны дұрыс деп ойлаймын.
Өңір бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 224 жас маман еңбек жолын
бастаса, «Ұрпақтар келісім шарты» бағдарламасы арқылы 8 адам кәсіби мамандардың
тәлімін алып, кәсіби дағдыларын жетілдіріп жатыр.
Еркебұлан Тұрсын, Еңбек мобильдігі орталығының директоры:
Бұл бағдарламар оқуын жаңа аяқтаған, жасы 35-тен аспаған түлектерге алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама жалпы 6-18 айға дейін жалғасады, ай сайын 30 АЕК көлемінде еңбекақы алады.
Қазір Абай облысында 11 мыңнан астам тұрғын жұмыссыз ретінде тіркелген. Көрсеткіш
былтырға қарағанда 5 мың адамға кем. Демек еңбекпен қамту бағдарламалары маман
тапшылығы мен жұмыссыздық мәселесін шешуге септігін тигізіп келеді, - дейді
мамандар.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04