Алматы облысы туристік әлеуеті зор өңір. Алайда салаға қажет мамандар тапшылығы байқалады. Биыл Жетісу өңіріне 2 млн-ға жуық турист саяхаттайды деп күтілуде. Демалыс орындары мен қонақ үйлерге және басқа да нысандарға 2 мыңдай маман қажет. Қазір облыс аумағында төрт кәсіптік колледж қонақ үй әкімшісі, супервайзер сынды кадрларды оқытып жатыр. Алайда жоғарғы білімді маман даярлайтын оқу орындары жоқ. Сондықтан жастар өзге өңірлерге барып, білім алуға мәжбүр. Жалпы биыл туризм саласына 40 млрд теңге жеке инвестициялар тартылады деп күтілуде. Ал Балқаш көлі жағалауын дамытуға, инфрақұрылымын реттеуге мемлекеттен 5 млрд теңге бөлінбек. Мұнан бөлек тау туризмі кластері, ұлттық табиғи парктер мен Алакөл, Қапшағай көлдерінде ауқымды жобалар қолға алынып отыр.
Жанар Алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы:Қонақ үйлердегі қызметкерлер, және де тамақтану саласындағы қызметкерлерге тапшы болып отырмыз. Сонымен қатар экскурсия жүргізушілер, туризм нұсқаушылары, гидтер, аудармашылар, осындай мамандықтарға бізде Алматы облысының нарығында өте үлкен сұраныс бар.
Қуаныш Қанатұлы