«Жаңа толқын-2014» байқауының көрермен көзайымы жүлдесі үшін дауыс беру басталды.
Халықаралық байқауда Қазақстан атынан бақ сынап жатқан Әлішер Кәрімовтің реттік саны - 106.
Дауыс беру Kcell, Activ, Beeline, Tele2 операторларының абоненттері арқылы жүргізіледі.
Ол үшін Қазақстан тұрғындары 1212 нөміріне NW сөзін және үміткердің реттік санын SMS-хабарлама арқылы (NW106) жолдайды.
Қазіргі уақытта Әлішер Кәрімов 54 дауыс жинап, 6-шы орында тұр. Топ басында – Тайшон Колкуит (АҚШ) – 85, Петрик Виктория (Украина) – 78, «Style Mix» триосы (Қырғыз Республикасы) – 72, Сона Рубенян (Армения) – 76, Юлия Плаксина (Ресей) - 24.
Дауыс беру 27-шілдеге дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін орындайды. Ал, екінші күні «Жаңа толқын-2010» байқауында екінші орынды иеленген украиналық әнші Татьяна Ширкомен дуэт құрмақ.
Байқаудың соңғы күнінде Әлішер осы конкурсқа арнайы жазылған «Әрине» әнімен шығады.