Алматыда қар құрсауында қалған екінші адам қаза тапты
Алматыда қар көшкіні жүріп, екі адам үйінді астында қалып қойған. Өкінішке қарай біреуі көз жұмды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша тағы бір турист жарақат алған. Мән жайды бізбен тікелей қосылымға шыққалы тұрған тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндауға дайын...Нұрсұлтан сөз өзіңде
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, табиғат апаты түскі сағат бірдің шамасында таулы аймақтың "Жастар" шыңында орын алған. Қар көшкіні жүрген орында жалпы 6 адам болған, оның екеуі көшкіннің астында қалып қойған. Оларды іздестіруге 35 құтқарушы, 10 арнайы техника мен кинологтар жұмылдырылды. Нәтижесінде жоғалғандар табылды. Үйінді астынан шығарылған саяхатшылардың бірі дер кезінде құтқарылды. Ресми ақпаратқа сүйсенсек ол Франция азаматы. Иығы мен жамбасынан жарақат алған шетелдік қазір ауруханада жатыр. Ал, қар құрсауында қалған екінші адам қаза тапты. Айта кететін жайт ТЖД мамандары 14-18 сәуір аралығында Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында қар көшкіні болатынын ескерткен еді. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған аумаққа бармауларын сұрайды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскеменде Ұлттық киім шеруі өтті
19.03.2026, 13:27
Ресей және Беларусь елшілері Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 13:24
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 13:18
Мемлекет есебінен 3,6 миллион адам ақысыз дәрі-дәрмек алады
19.03.2026, 13:15
Британияда менингитке қарсы вакцина салынып жатыр
19.03.2026, 13:12
Трамп әлемдегі ең ірі газ кенішін бомбалайтынын ескертті
19.03.2026, 13:09
Сарапшы: Қазақстан тұрақты даму стратегиясын халықаралық аренада сәтті жүзеге асырған мемлекет
19.03.2026, 13:06
Қазақстан экономикасы үздік 40 ел қатарында
19.03.2026, 13:03