Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған оқущылар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған оқущылар айтысы өтті

13.04.2022

Әлемдегі ахуал, елдегі саяси реформалар мен ынтымақ –бірліктің маңызы. Бүгін Қостанайда өткен оқушылар айтысында жас ақындар осындай тақырыптарды жырлады. Биыл отызыншы рет ұйымастырылған өнер сайысы бұл жолы - Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды.

Сахна сыртындағы соңғы дайындық. Сәлден соң облыстағы аудан қалалардан іріктеліп келген 10 жұп сайысқа түседі. Жас ақындардың көңілінде қобалжу болғанымен жеңіске деген құлшынысы басым.

Жамбыл Тоққожаев, жас айтыскер:
Енді жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Алайда жүлделі болуға барымызды саламыз.

«Жас тұлпар» оқушылар айтысы Қостанай облысында 1992 жылдан бері үзбей өтіп келеді. Осы уақыт аралығында талай жастың тұсауын кесіп, үлкен сахнаға жолын ашты. Солардың бірі Салтанат Өтелбаева. Ол Наурызым ауданында алғаш рет өткен оқушылар айтысына қатысқандардың бірі.

Салтанат Өтелбаева, айтыскер ақын:
Мен ол кезде 6 сыныпта оқитынмын. О кездегі айтыстың ерекшелігі – сол айтыс өтетін жерге барып, табиғатымен, мектебімен таныстыратын. Соны жырға қосуға тырысатын едік.

Бүгінгі айтыста жас ақындар әлем жұртын алаңдатқан оқиғаларды да айналып өтпей өз пайымдауларынша баға беруге тырысты. Басты тақырып – Ұлт ұстазының 150 жылдығын да жырға қосты.

Енді бірі өлеңін Аханың досына хаты ретінде жазылған «Қаншеңгел» жырының мақамымен төкпелеп қалың көрерменнің ықыласына бөленді. Айтыс қортындысына сәйкес жүлделі орынға іліккендер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Басқа қатысушыларға түрлі номинациялар бойынша ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Дәуренбек Әбідек 


Хабарламаларға жазылу